USD
USD
USD

«Титан» батискафының сынықтары арасынан адамның дене мүшелері табылды

АҚШ жағалау күзеті Атлант мұхитында суға батып кеткен «Титан» су астындағы кемеде қаза тапқандардың сүйегі табылғанын хабарлады. 

«Титан» батискафының сынықтары арасынан адамның дене мүшелері табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оларға талдау жасалады. Барлық дәлелдер олардың жоғалған экипаж мүшелері екенін растау үшін дәрігерлерге жіберіледі.

АҚШ денсаулық сақтау мамандары оқиға орнындағы сынықтардың арасынан табылған адамның дене мүшелеріне ресми талдау жүргізеді.

Еске салайық, 5 жолаушысы бар батискаф 19 маусымда жоғалып кетті. Бортта миллиардер және зерттеуші Хэмиш Хардинг, OceanGate компаниясының бас директоры, Францияның су асты кемелерінің бұрынғы жетекшісі Поль-Анри Наржеоле, Пәкістанның бай азаматтарының бірі Шахзада Давуд пен ұлы Сүлеймен болған. 

Ал 22 маусымда батискафта оттегі таусылғаны туралы ақпарат жарияланды.

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайын су басты

.

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

.

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

.

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

.