USD
USD
USD

Тісін жұлдыртқан жасөспірім қайтыс болды

Ақмола облысында тісін жұлдыртқан жасөспірім қайтыс болды, деп хабарлайды Qazaqstan арнасы. 

Тісін жұлдыртқан жасөспірім қайтыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жеткіншек тамыз айында Көкшетау қаласының іргесінде орналасқан Красный Яр елдімекеніндегі ауруханаға барған. Содан кейін дене қызуы көтеріліп, жүрегі айнып, құсқан. Алайда, дәрігерлер «суық тигізіп алған» деп, оны тұмаудан емдеген. Одан жағдайы жақсармаған соң, жеткіншектің өзі де бірнеше рет тісін жұлған стоматологқа жүгінген. Дегенмен, ақ халаттылар антибиотик жазып беріп, үйге жіберді, дейді анасы. Салдарынан жасөспірімнің жағдайы күннен-күнге нашарлап, комаға түсіп, он күннен кейін жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

 «Аталған мәселе бойынша Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы мемлекеттік мекемесі жанынан арнайы комиссия құрылды. Медициналық талаптарды бұзушылық анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданатын болады. Дегенмен әлі де дәрігерлерді толықтай кінәлау ерте. Комиссия шешімі шыққаннан кейін барлығы белгілі болады», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Кәмила Әбделманова.

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала