USD
USD
USD

Тіркеуден өте алмаған саяси партиялар саны белгілі болды

Қазақстанда жеті жаңа саяси партия тіркеуге тұра алмады. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Әділет вице-министрі Наталья Пан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тіркеуден өте алмаған саяси партиялар саны белгілі болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Өкілетті орган ретінде Әділет министрлігі саяси партиялардың мемлекет тіркеуінің статистикасын жүргізеді. Осы орайда 2017-2018 жылдармен салыстырғанда, 2019 жылда саяси белсенділіктің жоғарылағаны байқалды. Бүгінде тіркелмеген 7 ұйым бар», - деді Наталья Пан. Осы орайда ол аталған саяси партиялар не себепті тіркелмегенін атап өтті. «Тіркеуден бас тартудың себебіне тоқталсақ, жетеудің бесеуі бастамашы топтардың тізімін ұсынбауына қатысты. Біреуінде ұйымдастыру комитеті қызметінің мерзімі өтіп кеткен, заңда алты айлық мерзім қарастырылған. Бұл тұрғыда Әділет министрлігі тіркеуден бас тартуға мәжбүр болады. Тағы бір бірлестік тексеруден өтіп жатыр, яғни оның мүшелері шетел азаматтары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметші, судья болмауы керек. Осындай шектеулер бар. Осы ретте жалпы жеті бірлестік бар», - деді Наталья Пан.

Қазір оқып жатыр

Оралда екі жасөспірім тоғыз қабатты үйдің шатырынан құлап, қаза тапты

Көпөабатты тұрғын үй

Келер жылдан бастап МӘМС мәртебесі жоқ азаматтар да базалық медициналық көмек ала алады

Дәрігер мен пациент

Шымкентте айналымы 3,1 млрд теңге болған онлайн-казиноларды ұйымдастырғандар сотталды

Күдіктілер

Үш жылдан кейін алғаш рет Қазақстанның сырттан түсетін кірісі шығынынан асты

экономика