USD
USD
USD

Тіркелмеген қарулар тәркіленіп жатыр

Ел тұрғындарынан тіркелмеген 428 қару тәркіленді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті. 

Тіркелмеген қарулар тәркіленіп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның атап өтуінше, еліміздің аумағында 3 ай бойы жүргізілген «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы барысында тұрғылықты жері бойынша 200 мыңнан астам азаматтық қару иесі тексерілді. 3 мыңға жуық атыс қаруын сақтау ережесін бұзу анықталды. Айналымнан тіркелмеген 428 қару тәркіленді.

«Операция басталғаннан бері полиция қызметкерлері 500 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың, оның ішінде 8 мыңнан астам ұсақ бұзақылықтың жолы кесті. Сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық саладағы 11 мыңнан астам құқық бұзушылықтың және көші-қон заңнамасына қатысты 82 мыңнан астам заң бұзушылықтың алдын алды»,- деді Нұрділдә Ораз ІІМ баспасөз алаңында өткен брифинг барысында.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пара беруге уәде еткендерді де қылмыстық жауапқа тартуды көздейтін заңға қол қойды

Заң

Маңғыстау облысында жұмыссыздар саны артып барады: сарапшылар не дейді?

Маңғыстау облысы

AMANAT «Әділет» партиясына қосылады

.

Данияр Мейірханға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды – адвокат

Данияр Мейірхан