USD
USD
USD

Тыныштық бұзғандарға жаза күшеюі мүмкін

Қазақстанда тыныштық бұзып, көңіл көтеретін орындардың иелеріне қатысты қолданылатын жаза күшейтіледі.

Тыныштық бұзғандарға жаза күшеюі мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Депутаттар Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 437-бабын былай деп өзгертуді ұсынады: түнгі уақытта сағат 23.00-ден таңғы 6.00-ге дейін тыныштық бұзғандарға 5 АЕК мөлшерінде (12 625 теңге) айыппұл салынады. Шағын кәсіпкерлік пен коммерциялық емес ұйымдардың иелеріне 20 АЕК (50 500 теңге), орта кәсіпкерлік өкілдеріне 30 АЕК (75 750 теңге), ірі кәсіпкерлік өкілдеріне 100 АЕК мөлшерінде (252 500 теңге) айыппұл міндеттеледі.

"Сондай-ақ, бұл ережелерді бір жыл ішінде қайталап бұзған жеке тұлғаларға 10 АЕК (25 250 теңге), шағын кәсіпкерлік пен коммерциялық емес ұйымдардың иелеріне 40 АЕК (101 000 теңге), орта кәсіпкерлік өкілдеріне 60 АЕК (151 500 теңге), ірі кәсіпкерлік өкілдеріне 150 АЕК мөлшерінде (378 750 теңге) айыппұл міндеттеледі", – деді Сенаттағылар.
 

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park