USD
USD
USD

Тимур Жақсылықов валюта бағамына қатысты пікір білдірді

Алдағы уақытта валюта бағамы тепе-теңдік сипатына дейін төмендейтін болады. Бұл туралы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов мәлім етті.

Тимур Жақсылықов валюта бағамына қатысты пікір білдірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Ұлттық банк қажетті шараны қабылдады, оны көріп отырсыздар. Бүгін таңертең ақпарат таратылып, сауда-саттық қалай жүргізілетіні жарияланды. Менің ойымша, бастапқы кезеңде қандай да бір спекулятивті реакция болса да, кейіннен бағам тепе-теңдік сипатына дейін төмендейтін болады», - деді Тимур Жақсылықов Мәжілісті тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Бұдан бұрын хабарланғандай , Ұлттық банк «Қазақстан қор биржасы» АҚ-мен бірлесіп теңге – АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттық регламентін өзгерту туралы шешім қабылдады. Атап айтқанда, 28 ақпанда сауда-саттық Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 15-00-де Франкфурт аукционы форматында ашылады.

«Бұл шаралар уақытша сипатқа ие, белгісіздіктің жоғары дәрежесін және сыртқы геосаяси факторлар тарапынан валюта нарығына және ел ішіндегі қаржылық тұрақтылыққа көрсетілетін қысымды барынша азайту қажеттілігін көрсетеді», - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Өскеменде порнографиялық материал әзірлеп, таратқан 14 адам сотталды

порногарфия

Арман Қырықбаев мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды

Мәдениет және ақпарат министрі

Әлібек Қуантыров Экология және табиғи ресурстар министрлігін басқаратын болды

Экология және табиғи ресурстар министрі

Мұрат Мұханов Төтенше жағдайлар министрлігінің жаңа басшысы болып тағайындалды

ТЖМ