USD
USD
USD

Тимур Құлыбаев халықты Тұңғыш Президент күнімен құттықтады

Алматы, NEGE. Ұлттық Олимпиадалық комитеттің президенті Тимур Құлыбаев қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады.

Тимур Құлыбаев халықты Тұңғыш Президент күнімен құттықтады
Фото: NEGE.kz

Құрметті отандастар!

Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақ халқының тәуелсіздік таңы атып, ел егемендігін алғаннан кейін Тұңғыш Президентімізді сайладық. Өз елімізді өз Президентіміз басқаратын уақытқа да жеттік. 

Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елдік мұрат жолында халқымен бірге мемлекетіміздің іргесін бекемдеп, оның қалыптасуында, бостандық пен әділдіктің, ұлттық бірліктің нығаюында қыруар іс атқарды.

Қымбатты отандастар, осындай айтулы күнде сіздерге шын жүректен зор денсаулық, табыс пен бақ-береке тілеймін! Әр отбасында өзара түсіністік пен келісім мәңгілік болсын!

Ізгі ниетпен,  

Тимур  Құлыбаев

 

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе