USD
USD
USD

Тимур Құлыбаев халықты Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойымен құттықтады

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев отандастарымызды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Тимур Құлыбаев халықты Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойымен құттықтады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Қымбатты отандастар!

Сіздерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығымен құттықтаймын!

Тәуелсіздік – кез келген мемлекеттің басты байлығы. Жас, егемен Қазақстан Республикасының құрылған күні еліміздің әр азаматының  ұлттық мерекесі. Бұл күнді біз егемендік пен еркіндігімізді қорғап, жалпыхалықтық береке-бірлікті сақтап қалған халқымыздың тарихи жетістігі ретінде мақтанышпен атап өтеміз. 

Қазақстан тәуелсіздік жылдарында болашаққа сеніммен және оптимизммен қарауға, жаңа мақсаттар қоюға, ұлттық құндылықтарымызды сақтап, адамзаттың үздік, заманауи жетістіктерімен байытуға мүмкіндік беретін үлкен стратегиялық тәжірибе жинақтай алды. 

Бүгінгі маңызды мерекеде Сіздерге, туғандарыңыз бен жақындарыңызға шын жүректен мықты денсаулық, бейбітшілік, істеріңіз бен бастамаларыңызға табыс тілеймін. 

Ізгі тілекпен,  

Тимур Құлыбаев

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің аппаратын жеке мемлекеттік орган ретінде құрды

Халық Кеңесі

«Гүлдің бағасы маңызды емес»: министрлік 1 қыркүйекке қатысты ескерту жасады

.

Непалдағы су тасқынынан кейін үш қазақстандық турист табылмай жатыр

су тасқыны

Тоқаев ядролық державаларды келіссөзге шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев