USD
USD
USD

Тимур Турлов FIDE-нің Ресейге қатысты басты ұстанымын айтты

Халықаралық шахмат федерациясы президенттігіне кандидат, қазақстандық бизнесмен Тимур Турлов Ресей шахматшыларының халықаралық жарыстарға қатысуына қатысты ұстанымын мәлімдеді.

Тимур Турлов
Фото: Қазақстан шахмат федерациясы

Астана, NEGE. Ол президент болып сайланған жағдайда FIDE ресейлік командалардың қатысуын шектейтін Спорттық арбитраж сотының (CAS) шешімін орындауды жалғастыратынын айтты, деп хабарлайды Reuters.

«Біз CAS шешімін орындаймыз, өйткені Олимпиадалық қозғалыстың ережелерін сақтауға тиіспіз. Егер CAS шешімдерін құрметтемегеніміз үшін Олимпиада қозғалысынан шығарылсақ, бұл шахмат қозғалысына өте үлкен зиян келтіреді», – деді Турлов.

Оның мәлімдеуінше, Ресей шахмат федерациясы халықаралық жарыстарға толыққанды оралуы үшін қажетті талаптарды орындауы керек. Турловтың пікірінше, қазіргі шектеулер талантты ресейлік ойыншылардың әлемдік додаға шығуына кедергі келтіріп отыр.

FIDE президентін сайлау 26 қыркүйекте Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтеді.

Айта кетейік, Турлов бұған дейін қазіргі FIDE президенті Аркадий Дворковичтің командасында болған, ал кейін жеке кандидат ретінде сайлауға түсті.

2022 жылы Турлов Ресей азаматтығынан бас тартып, Қазақстан азаматтығын алған.

Қазір оқып жатыр

«Соңғы нәтиже сын көтермейді»: Скотт Манн ұлттық құраманың ойынына қатысты үн қатты

Скотт Манн мен Джон ван ’т Схип/kff.kz

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев