Тимур Әбілқасымов Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды

Алматы, NEGE. «Мемлекет басшысының өкімімен Тимур Бөкейханұлы Әбілқасымов Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», – делінген хабарламада.
Тимур Әбілқасымов 1989 жылғы 21 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген.
2012 жылы Қазақстан Менеджмент, Экономика және Болжау институтын (ҚМЭБИ) «Бизнес экономикасы және мемлекеттік саясат экономикасы» мамандығы бойынша бітірген.
2015 жылы Лондон қ., Ұлыбританияда «Тәуекелдерді басқару» бойынша магистрлік бағдарламаны бітіріп, Жаһандық іскерлік басқару магистрі дәрежесі берілді.
Әбілқасымов өзінің еңбек жолын «Kazinvest Bank» АҚ-та бастады, банк портфелін басқару және есептілігі жөніндегі маманнан бастап нарықтық тәуекелдер және өтімділік тәуекелдері бөлімінің бастығына дейін әр түрлі лауазымдарды атқарды.
2016 жылғы қаңтардан 2017 жылғы ақпанға дейін «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау қызметінің басшысы лауазымында жұмыс істеді.
2017 жылғы сәуір мен 2018 жылғы тамыз аралығында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ Тәуекелдерді басқару департаменті директорының орынбасары лауазымында жұмыс істеді, Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары жөніндегі әдіснамалық кеңестің мүшесі болды.
2018 жылғы қыркүйектен бастап 2021 жылғы сәуірге дейін Radius Advisory Lab консалтингтік компаниясының аға серіктесі болып жұмыс істеді.
2021 жылғы мамыр мен 2024 жылғы ақпан аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының кеңесшісі лауазымын атқарды.
2024 жылғы ақпан – тамыз айлары аралығында «NAC Analytica» корпоративтік қорының Басқарма Төрағасы болды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 20 қыркүйектегі өкімімен Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды.