USD
USD
USD

Тимофей Скатов Германиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстанның екінші, әлемнің 138-ракеткасы Тимофей Скатов Карлсруэ (Германия) челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тимофей Скатов Германиядағы турнирдің ширек финалына шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жарыстың алтыншы ракеткасы болып тіркелген Т.Скатов алдымен дүниежүзілік рейтингте 748-орында тұрған Люксембург өкілі Крис Родешті 6:4, 3:6, 6:2 есебімен ұтты.

Қазақстандық теннисшінің екінші айналымда әлемнің 190-ракеткасы, украиналық Виталий Сачкомен кездесуі аса тартысты болғаны сондай, 3 сағат 39 минутқа созылды.

Т.Скатов бірінші сетте 3:6 есебімен есе жібергенімен, содан кейін қос тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (10:8), 7:6 (9:7).

Бәсеке барысында қазақстандық спортшы 2 эйспен бірге 12 брейк-пойнттың бесеуін мүлт жіберген жоқ. Қарсыласы 10 брейк-пойнттың алтауын пайдалана білді.

Тимофей Скатов жартылай финалға шығу үшін рейтингте 440-сатыдағы ливандық Хади Хабибпен таласады.

Қазір оқып жатыр

«Бағаны түсіруге мәжбүр болады»: қазір пәтер алған тиімді ме?

.

БҚО-да оқушы баланы 10 мың вольттық ток соғып, қаза болды

Ток соқты

Қазақстан Қырғызстанға мұнай транзитін бастады

мұнай

Qarmet-тің жаңа нысандары нақты келбетке ие бола бастады

Qarmet