Тілеухан Әбілдаев коронавирус жұқтырған 182 дәрігер туралы айтты
Бүгін, 15 сәуірде Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 370 жағдайы тіркелді, оның ішінде 6-ы балалар және үш жүкті әйел бар. Соңғы рет баяндалғаннан бастап, қалада тағы 24 жаңа жұқтыру жағдайы тіркелген.
Алматы, NEGE. ОҚКА-да індет жұқтырған медицина жұмыскерлері саны 182 адамды құрайды. Орталық қалалық клиникалық ауруханада емдеуге жатқызылған және емделіп жатқан барлық пациенттерден, олардың саны 215 адамды құрайды, коронавирустық инфекцияға талдау алынды. 18 пациенттің талдауларынан оң нәтиже анықталды.
Соvid-19-ы бар медицина қызметкерлерінің жалпы саны 218 адамды құрайды, оның ішінде Орталық қалалық клиникалық аурухананың 182 қызметкері, Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының 30 қызметкері, Жедел шұғыл медициналық жәрдем станциясының 2 қызметкері, №1 Қалалық клиникалық аурухананың 1 қызметкері және №№11, 32, 12 қалалық емханалардың бір-бір қызметкері бар.
Қаланың стационарларында коронавирустық инфекциядан Алматы облысынан пациентті есепке ала отырып, 311 адам емделуде.
58-і сауығып ауруханадан шығарылды, оның ішінде 56 ересек адам және 2 бала бар.
253 науқастың жай-күйі – қанағаттанарлық. 3 адамда – ауыр, 55 ересек адамның жай-күйі ауырлықтың орта дәрежесінде.
Провизорлық госпитальдарда 343 адам, оның ішінде 11-і бала, карантиндік оқшаулауда – 419, үй карантинінде – 7097 адам.
Қазіргі уақытта мегаполисте шұғыл көмекті екі стационар – № 7 және № 4 Қалалық клиникалық аурухана көрсетуде.
Орталық қалалық аурухана дезинфекциялық тазалау жұмыстарын жүргізуге жабылды.
Кеше, 14 сәуірде Орталық қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері өз еркімен қызметінен босатылды.