Референдум Референдум
USD
USD
USD

Тілдерді дамыту басқармасы қайта ашылуы мүмкін

Облыстық тілдерді дамыту басқармаларын қайта ашу мәселесі пысықталып жатыр. Бұл жайында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты.

Тілдерді дамыту басқармасы қайта ашылуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Үкімет басшысының атап өтуінше, жергілікті атқарушы органдардың базалық құрылымы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 608 қаулысымен бекітілген. Ол облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктерінде тілдерді дамыту жөніндегі басқармалардың болуын көздейді.

«Жоғарыда көрсетілген қаулыға сәйкес облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін ескере отырып, жергілікті атқарушы органдардың құрылымын жылына 1 реттен көп емес өзгертуге құқығы бар», – деді ол.

Асқар Маминнің дерегінше, қазіргі уақытта тілдерді дамыту жөніндегі дербес басқармалар 9 облыста жұмыс істейді. Қалғандарында тілдерді дамыту міндеттері Ішкі саясат (Ақмола және Қызылорда облыстары), Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі (Маңғыстау және Павлодар облыстары, Шымкент қаласы), Тілдерді дамыту және архив ісі (Нұр-Сұлтан қаласы), Мәдениет (Түркістан облысы) басқармаларына, Тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығына (Алматы қаласы) жүктелген.

«Сіздер көтеріп отырған тілдерді дамыту жөніндегі басқармалардың дербестігін сақтау мәселесі Ұлттық экономика министрлігі жергілікті атқарушы органдардың құрылымын талдау бойынша жүргізіп жатқан жұмыстың аясында мұқият зерттеледі», – деді Премьер-Министр.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

LRT

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Иэн Армитидж

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

Қарашығанақ кен орны

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Михал Лабенда