USD
USD
USD

ТикТокқа НЕГЕ тықыр таянды?

Егер компания Қытай үкіметімен тез арада ат құйрығын кесіспесе, бүкіл әлем бойынша оған тиым салынуы мүмкін. АҚШқа ТикТоктың қарқынды дамуы ұнамай отыр.

ТикТокқа НЕГЕ тықыр таянды?
Фото: NEGE.kz

Мысалы Амазон бір сағат ішінде ТикТокты жоя жаздады. 2020 жылдың 10 шілдесінде таңертең көзін ашқан Амазон қызметкерлері ТикТок мобильді қосымшасын жұмыс смартфондарынан алып тастау туралы бұйрықты оқиды. Алайда, сол күні Амазоннан тағы бір хат келіп, ТикТоктың зиянсыз екені хабарланады. 

Reuters жазуынша, Амазон ТикТок қосымшасын пайдалануға тыйым салған сәтте қытайлық ByteDance компаниясының өкілдері тез арада Амазонға шығып, мәселені шешкен. Енді ТикТок американдықтардың жеке басқа қатысты ақпараттарын Вирджиния штатындағы Google Cloud деректер орталығында сақтай бастады.

Шілде айының басында АҚШ-тың Федералды сауда комиссиясы Әділет министрлігімен бірлесіп, 14 жасқа толмаған пайдаланушыларға арналған мәліметтердің құпиялылығы туралы заңды бұзып отыр деген желеумен қытайлық ТикТок қосымшасының иесін айыптау мүмкіндігін қарастырып қойды. Ол бойынша АҚШ ТикТоктың жұмысына шектеу қоя алады. Қазіргі уақытта әлемнің көптеген елдер ТикТок Қытай Компартиясына пайдаланушылар туралы ақпаратты жасырын беріп отыр деп үрейленіп отыр.

Осыдан қорыққан Бейжіңдегі ByteDance технологиялық компаниясы 2020 жылдың мамыр айында өзінің ұйымдық құрылымын өзгерту және Қытайдан алыстау процесін бастау туралы шешім қабылдады. ByteDance басшы қылып американдық азамат Кевин Майерді тағайындады. Компания сонымен қатар ТикТоктың бас кеңсесін Қытайдан тыс жерге - Сингапур не Лондонға көшіруді жоспарлап отыр. Оны Қытай билігі қалай қабылдағаны әзірге белгісіз.

Қазір оқып жатыр

Халықтың 51,93 пайызы дауыс берді: Референдум өткізілді деп саналады

Референдум

«Таңдауым ешқашан өзгермейді»: Назарбаев Тоқаев жайлы пікір білдірді

Нұрсұлтан Назарбаев

Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді

Шавкат Рахмонов

Тоқаев неге Иран Президентімен сөйлеспегенін түсіндірді

Қасым-Жомарт Тоқаев