USD
USD
USD

TikTok-қа қазақ тілі енгізіледі

TikTok компаниясының Еуропадағы мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі вице-президенті Тео Бэртрам ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлімен кездесті.

TikTok-қа қазақ тілі енгізіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кездесу барысында Дархан Қыдырәлі баспасөз хатшыларын оқыту, цифрлық сауаттылықты арттыру, әлеуметтік желіні тиімді қолдану жағынан ортақ тренингтер ұйымдастыруды ұсынды.

Оған қоса, Дархан Қуандықұлы TikTok желісіне қазақ тілін енгізуді ұсынды. Компания өкілі желіге қазақ тілін орнату жайы қарастырылып жатқанын айтты.

TikTok желісі министрлік құзіретіне қарасты салада белсенді пайдаланылып жатыр. Мәселен, Bala house, «Ел бірлігі» жобалары жақсы қаралым жинап үлгерді.

Тео Бертрам компания ойын-сауық бағытынан интеллектуалдық, мәдени-рухани контенттер жасауға басымдық беріп отырғанын, Қазақстанмен бірлесе жұмыс істеуге әзір екенін айтты.

Қорытындыда Дархан Қыдырәлі Тео Бертрамды жуырда өтетін Astana Media Week және Central Asian Media Forumына шақырды. Компания өкілі  ауқымды іс-шараға қатысуға ынталы екенін  жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанда фемицид үшін Қылмыстық кодекске жеке бап енгізу ұсынылды

фемицид

Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады: полиция қылмыстық іс қозғады

Қылмыстық іс

Алматы соты «журналистерді қамап қойды» деген ақпаратты теріске шығарды

журналистерді қамап қойған

Маңғыстаудағы ауылдардың бірінде сексеннен астам үйдің ауласын су басты

су басу