USD
USD
USD

TikTok желісіне видео түсіріп жүрген студент Каспий теңізіне батып кетті

 Ақтауда жас жігіт суға кетті.

TikTok желісіне видео түсіріп жүрген студент Каспий теңізіне батып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 7 маусым күні кешкі 16.20 кезінде құтқару қызметіне Ақтау қаласы Самал-2 ықшамауданында теңіз жағалауында бір адамның суға кеткені туралы хабар түскен. «Суға кеткен адам 2004 жылы туған Бейнеу ауданы Боранқұл ауылының тумасы. Бозбала Маңғыстау өнер колледжінің 1-курсында оқып жүрген, сол оқу орнына қарасты №5 жатақханада тұрған. Қазіргі уақытта марқұмның денесін іздеу жұмысы жүріп жатыр», – дейді Ақтау қаласы төтенше жағдайлар басқармасы азаматтық қорғаныс тобының офицері, аға лейтенант Азамат Төлегенов.

ТЖД мәліметінше, жастар жағалауда TikTok желісіне арнап видео түсіріп жүрген. Үшеуі пирстен теңізге секірген, екеуі жағаға жүзіп шыққанымен үшінші жігіт суға батып кеткен. Іздеу жұмысына 15 құтқарушы және екі сүңгуір тартылған.

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова алғаш рет Forbes Kazakhstan жариялаған ең ықпалды әйелдер тізіміне енді

Баян Алагөзова

12 адам қаза тапқан «Центр плова Loft» ісі бойынша үш адамға үкім шықты

жарылыс

Тіпті жақын туысыңызға да қарыз бермеген дұрыс – қаржы маманы

Әсел Әуелбекова

Қырғызстан билігі қазақ журналисінің стадион құны туралы мәліметіне жауап берді

Бішкек Арена