USD
USD
USD

TikTok креативті қазақстандықтарға қолдау көрсетеді

  TikTok елімізде креативті идеялары бар таланттарды оқыту мен дамытуға бағытталған бағдарламасын жариялады.

TikTok креативті қазақстандықтарға қолдау көрсетеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Шығыс Еуропа мен Азиядағы TikTok PR-директоры Кристина Еремеева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Кристина Еремееваның дерегінше, былтыр Шығыс Еуропада жаңашыл жастарды қолдауға арналған қор ашылған. Ол танымдық және тың серпін беретін мазмұндағы контент авторларына сыйақы береді. «Біз Қазақстандағы креативті жастарды қолдаймыз. Бізде таланттарды дамыту бағдарламасы да бар. Жоба аясында авторларға сапалы контент жасауды, сол арқылы ақша табуды үйретеміз. Қызықты және сапалы видео түсіретін жастарға әлемдік брендтермен ынтымақтастық орнатуына көмектесеміз», – деді TikTok PR-директоры Кристина Еремеева.

Бұған дейін Шығыс Еуропадағы TikTok өкілдігінің директоры Олег Соколов Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаровпен кездесу барысында Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті екенін жеткізген еді. Ал өткен жылы Президент Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынған тарихты TikTok платформасы арқылы дәріптеу ұсынысын қолдаған болатын. Таяуда Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин TikTok пен YouTube көретіндер үшін тарифті көтеруді ұсынды. Бүгінгі таңда TikTok платформасына 7 миллионнан астам қазақстандық қосылған.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт