Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

TikTok билеген ауыл әкімі жазаланды

Қарағанды облысы Жайрем кентінің әкімі Аманқазы Наукенов TikTok желісінде билеп, видео түсіргені үшін жазаланды.

TikTok билеген ауыл әкімі жазаланды
Фото: NEGE.kz

Әкім мамырдың соңында мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған флэшмобқа қатысқан. 

Алматы, NEGE. "Қаражал қаласының әкімі шенеуніктің креативті ойын бағаламады. Тіпті Наукеновтің әрекеті қызметке толық сәйкес келмейтіні туралы ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды", - делінген әкімдіктің сайтында.

Шоумен Мәлік Хасенов әкімді қолдап, жазба жариялады.

"Әкім жарады. Ол айыптаулардан жасқанбай, өз ауылына қоғам назарын аудару үшін TikTok желісіне видеоға түсті. Ал сіз Жайрем ауылы туралы соңғы рет қашан оқыдыңыз?"- деп жазды Хасенов.

Желі қолданушылары мемлекеттік қызметкердің карантин кезінде ондай әрекет жасағанын қателік деп атады. Арасында "енді Жайрем жайлы білетін болдым", "карантин жағдайында басқалар қиналып отырған кезде олай жасауға болмайды" деп пікір білдіргендер де бар.

Видеода ауыл басшысымен бірге кәсіподақ комитетінің төрағасы, мәдени-демалыс орталығының директоры және ұйымның бірнеше қызметкері билеген.

Қазір оқып жатыр

Шабуылдардан кейін Қазақстан мұнайы КҚК терминалы арқылы қайта жөнелтіле бастады

Қазақстан мұнайы

Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?

сайлауалды науқан

Мемлекет басшысы Астанада жасанды интеллект бойынша IOAI-2026 халықаралық олимпиадасын ашты

IOAI

«Ауылдағы интернет пен қазақстандықтарға арналған ЖИ»: «Әділет» партиясы неге өзін «цифрлы партия» деп көрсетеді

сұхбаттан үзінді