USD
USD
USD

ТікТок арқылы алматылықтарды алдап соққан күдікті ұсталды

ТікТок арқылы алматылықтарды алдап соққан күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

ТікТок арқылы алматылықтарды алдап соққан күдікті ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Интернет желісіндегі алаяқтық бойынша Қарағанды ​​облысының тумасы ұсталды. Ер адам шаһардың кемінде 12 тұрғынын алдады деген күдікке ілінген.

– ТікТок мобильді қосымшасын пайдалана отырып, күдікті жүргізуші куәлігін рәсімдеймін деген сылтаумен азаматтардың ақшасын иемденгені анықталды. Оның үстіне “қызметінің ақысы” қолма-қол ақша түрінде де, электронды аудару арқылы да болды. Жедел іс-шаралар жүргізілді: күдікті ұсталды. Тергеудің осы кезеңінде оның осыған ұқсас 12 эпизодқа қатысы бар екендігі анықталды. Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді, – деді Алатау аудандық Полиция басқармасының бастығы Талғат Беркінбаев.

Тәртіп сақшылары алданғандардың көп болуы мүмкін екендігіне сенімді. Ұсталған адамның әрекетінен зардап шеккен азаматтарды полиция қызметкерлері мына телефондарға хабарласуды сұрайды: 8-775-663-94-36; 8-705-630-30-00.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық