USD
USD
USD

TikTok-та домбыра туралы жағымсыз пікір білдірген ер адам 3,5 жылға сотталды

Ақтөбеде домбыраны жария түрде «харам» деп мәлімдеген ер адамға үкім шықты.

Домбыра
Фото: ortcom.kz

Астана, NEGE. Ол Қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-бөлігі (Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) бойынша айыпталған.

Сот мәліметінше, биыл 18 сәуірде сотталушы TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде домбыра туралы аса жағымсыз пікір білдіріп, оны Ібілістің жыныс мүшесіне теңеген.

Сонымен қатар, діни тақырыптағы тікелей эфир кезінде діни араздықты қоздыру, ұлттық ар-намыс пен қадір-қасиетті, азаматтардың діни сезімдерін қорлау мақсатында, өз әрекеттерінің жария сипатын біле тұра, қасақана түрде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметкерлерін «тозақтың иттері» деп атаған. Осылайша оларды итке теңеп, теріс пікір қалыптастырған.

Сотталушы өз кінәсін толық мойындады.

Оның кінәсі сот отырысында зерттелген дәлелдемелер жиынтығымен дәлелденді.

Прокурор сотта ер адамға 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сот айыпталушының шын жүректен өкініш білдіргенін қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән-жай ретінде таныды.

Соттың 2026 жылғы 4 маусымдағы үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс