USD
USD
USD

TikTok-та былапыт сөз айтқан Түркістан тұрғыны жауапқа тартылды

Түркістан облысында TikTok желісіндегі тікелей эфир кезінде былапыт сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

жауапкершілік
Фото: depositphotos

Астана, NEGE. Полицияның мәліметінше, интернет кеңістігіне жүргізілген мониторинг барысында тәртіп сақшылары әйел адамның TikTok-тағы тікелей эфир кезінде агрессивті мінез-құлық танытып, былапыт сөздер айтқан бейнежазбасын тапқан.

Тексеру нәтижесінде құқық бұзушының Түркістан облысының 39 жастағы тұрғыны екені белгілі болды.

«Сот шешімімен кінәлі тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деп хабарлады полиция.

Түркістан облысының полиция департаменті заң талаптары тек қоғамдық орындарда ғана емес, интернет кеңістігінде де сақталуы тиіс екенін ескертті.

Айта кетейік, соңғы уақытта құқық қорғау органдары әлеуметтік желілерге тұрақты мониторинг жүргізіп келеді. Заңсыз контент, қоғамдық тәртіпті бұзу, біреудің ар-намысына нұқсан келтіру немесе басқа да құқықбұзушылық белгілері байқалған жағдайда кінәлі тұлғалар Қазақстан заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс