Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

TikTok-та балағат сөз айтқан тағы бір әйел қамауға алынды

TikTok-та балағат сөздер айтып, қорлайтын ым-ишаралар көрсеткен Ақтөбе облысының тұрғыны 5 тәулікке қамалды.

блогер
Фото: polisia.kz

Астана, NEGE. Бұл жөнінде облыстық полиция департаменті хабарлады. Әйелдің құқыққа қайшы әрекетін полицейлер интернет кеңістігіне жүргізген мониторингі кезінде анықтаған.

«Құқық бұзушы Ақтөбе қаласының 26 жастағы тұрғыны Береке Нагиева екені анықталды. Сот шешімімен әйел 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды», – делінген ведомство хабарламасында.

Полиция әлеуметтік желілер қоғамдық кеңістікке жататынын еске салып, жарияланған контент пайдаланушыларды құқыққа қайшы әрекеттері мен сөздері үшін жауапкершіліктен босатпайтынын ескертті. Балағат сөздер, қорлау және қоғамдық тәртіпті бұзатын өзге де әрекеттер заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.

Еске салсақ, бұған дейін Ішкі істер министрлігі 20-дан астам стримердің жауапқа тартылғанын хабарлады. Соның ішінде Шымкент қаласының 48 жастағы тұрғыны Ербол Дүйсенбаев TikTok желісіндегі тікелей эфир барысында бейәдеп сөздер қолданған. Сот шешімімен ол 10 тәулікке қамауға алынды.

TikTok-та «Алтын қыз» лақап атымен танылған Жамбыл облысы Байзақ ауданының 41 жастағы тұрғыны Лайло Қасымова психикалық ауруханаға жатқызылды. Ол тікелей эфирлер барысында балағат сөздер қолданғаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бірнеше рет ескерту жасалғанымен, ол бұл әдетін тоқтатпаған. Тіпті өзінің кәмелетке толмаған балаларын да балағаттаған.

Қазір оқып жатыр

Инклюзия: мүмкіндік тең болған жерде қоғам да өзгереді

«Ауыл» партиясы

Шымкентте Нұрайдың өліміне кінәлі деп танылған Шерхан Аймаханға үкім шықты

Шерхан мен Нұрай

Таиланд әуежайында жүкті иесіне ескертпей ашатын өзгеріс енгізілмек

Таиланд

«Сайлау-2026»: сарапшылар сайлаушылар белсенділігі мен теледебаттардың рөлін бағалады

kisi.kz