2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Тікелей эфирде бейәдеп сөз айтқан Щучье қаласының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Щучье қаласының әкімі Олжас Нұрмағамбетовке қатаң сөгіс жарияланды, деп хабарлады КТК телеарнасы. 

Тікелей эфирде бейәдеп сөз айтқан Щучье қаласының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әкім микрофон қосулы тұрғанын және трансляцияның тоқтамағанын білмей қалғанын айтқан болатын. 

– Нұрмағамбетовтың этикаға жат әрекеті көпшіліктің наразылығын тудырды. Әрине, қызметтік тексеріс жүргізіліп, аталған ақпараттың шындыққа жанасатыны анықталды. Оның үстіне ол қателігін мойындады. Оған тәртіптік жаза яғни, қатаң сөгіс жарияланды, – деді Ақмола облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Айнагүл Жанәділова.

Еске салайық, тікелей эфирден кейін Щучье қаласының әкімі Олжас Нұрмағамбетов жергілікті «Тираж» паблигіне қатысты бейәдеп сөз айтқан. Алайда тікелей эфир қосулы болған. «Сол парақшасын бір жеріне тығып қойсын!» деп ашуға мініп айтқаны таспаға жазылып қалады. Әлеуметтік желі қолданушылары оның сөзін анық естіген. 

Осы жағдайдан кейін әкім ресми түрде кешірім сұрады.

Қазір оқып жатыр

Әскерилер қазасы: оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

Қылмыстық іс

Бозымбаев: Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға кінәлі лауазымды тұлғалар қатаң жазаланады

Әскери қызметшілер теңіз суына батып кетті

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер саны 12-ге жетті

Маңғыстау

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Траур