USD
USD
USD

Тік Ток қосымшасында қазақ тілі пайда болды

TikTok қосымшасы қазақ тіліне аударылды.

Тік Ток қосымшасында қазақ тілі пайда болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақ тілін таңдау опциясы Android және iOS құрылғыларына арналған қосымшаның кейінгі жаңартылуында пайда болған.

Тік Ток қосымшасындағы интерфейс тілін кез келген уақытта ауыстыруға болады. Ол үшін қосымшаның төменгі оң жақ бөлігіндегі «Профильді» басыңыз. Сол кезде сіздің жеке мәліметтеріңіз сақталатын парақша ашылады. Баптауға өту үшін дәл осы парақшаның оң жақ жоғары тұсындағы үш сызықпен бейнеленген белгіні басуыңыз қажет. Содан кейін «параметрлер мен құпиялылық» бөліміне өтіп, одан «тіл» деген сілтемеге кіресіз. Дәл осы жерден қазақ тілін таңдауыңызға болады.

Қазір оқып жатыр

«Ордабасы» ҚПЛ жеңімпазы атанды

Ордабасы

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент