USD
USD
USD

Тыйым салынған тауарларды тасымалдағандарға айыппұл салынды

Жылдың басынан бері үшінші елдермен шекарадағы (ЕАЭО-ға кірмейтін елдер) өткізу пунктері кеден операциясы кезінде тыйым салынған тауарларды әкеліп-әкетудің 410 фактісін анықтады, деп хабарлады 

Тыйым салынған тауарларды тасымалдағандарға айыппұл салынды
Фото: NEGE.kz

 ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Оның ішінде:

153 жағдайда жалпы салмағы 50,4 тонна болатын мұнай өнімдері анықталып, заң бұзушыларға 7,9 млн теңге айыппұл салынды, тауар мемлекет пайдасына өндірілді;

28 жағдайда жалпы салмағы 33,7 тонна болатын балалар ойыншықтары анықталды, тауарларды мемлекет пайдасына өндірусіз 1,3 млн теңге айыппұл салынды;

- 96 жағдайда әртүрлі тауар топтары бойынша рұқсат құжаттарын ұсыну тәртібін бұзуға қатысты (жуғыш заттар, мотор майлары, пайдаланылған шиналар және басқа да тауарлар) 6,6 млн теңге сомасына айыппұл салынды.

133 жағдайда 2,5 млн АҚШ долларына баламалы сомаға қолма-қол шетел валютасын әкетудің және 41,2 млн теңге сомаға салмағы 1,5 кг алтын құйманы әкету бойынша мемлекет пайдасына өндірусіз 6,9 млн теңгеге айыппұл салынды.

Бұл фактілер салық төлеушілердің Қазақстан шекарасы арқылы тауар тасымалдау талаптарын бұзуға тырысқанын көрсетеді.

Бұған Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық бөлімше қызметкерлері жол бермеген.

Қазір оқып жатыр

«Қазақмыстағы» наразылықтан кейін топ-менеджер жұмыстан шеттетілді

.

Шымкентте хиджаб киген қыздың сөмкесінен 2 келі есірткі табылды

Есірткі

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

Қазақстандық студент қазасы

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Ресейде сырттай қамауға алынды

Азамат Қапенов