USD
USD
USD

Тихановская халық ереуілін тоқтатпауға үндеді

Беларусь президентін сайлауда Александр Лукашенконың басты қарсыласы болған Светлана Тихановская тағы бір үндеу жариялады. Ол кәсіпорын жұмысшыларын ереуілді тоқтатпауға үндеді.

Тихановская халық ереуілін тоқтатпауға үндеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Ереуілдер диктатураны тығырыққа тіреді. Сол себепті олар сендерді түрлі әдістермен екіге бөлуге әрекеттеніп жатыр. Біз бірге болсақ, жүйе құлайды»,  –  деп мәлімдеді Тихановская.

Беларусь орталық сайлау комиссиясы президент сайлауында Лукашенко жеңіске жетті деп мәлімдеді, бірақ оппозиция мен оның жақтастары ресми мәліметті мойындаудан бас тартып, елде саяси дағдарыс басталды. Республиканың ондаған мың азаматы Александр Лукашенконың қызметтен кетуін талап етіп, көшеге шықты. Елдегі ондаған ірі кәсіпорын жұмысшылары ереуіл жариялады.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанда фемицид үшін Қылмыстық кодекске жеке бап енгізу ұсынылды

фемицид

Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады: полиция қылмыстық іс қозғады

Қылмыстық іс

Алматы соты «журналистерді қамап қойды» деген ақпаратты теріске шығарды

журналистерді қамап қойған

Маңғыстаудағы ауылдардың бірінде сексеннен астам үйдің ауласын су басты

су басу