USD
USD
USD

Тибеттегі жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 95-ке жетті

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Тибет автономиялық ауданында болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 95 адамға жетті, деп хабарлады РИА Новости. 

тибет
Фото: РИА Новости

Алматы, NEGE.  Қытай орталық телеарнасы жергілікті билік өкілдерінің мәлімдемесіне сілтеме жасап, қаза болғандар санын жариялады.

"Жергілікті уақыт бойынша сағат 15:00-де Тингри уезіндегі жер сілкінісі 95 адамның өмірін қиды", - делінген материалда.

Бұған дейін 53 адамның қайтыс болғаны туралы хабарланды. Жер дүмпуінен Шигадзе қаласы қатты зардап шекті. Ол жерде көптеген ғимараттар қирады.

Жойқын жер сілкінісі Непал мен Үндістанда сезілді. Бүгін таңертең бірнеше афтершок те тіркелді. Біреуінің магнитудасы 4,4 болды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай