USD
USD
USD

«The finiko» қаржы пирамидасына 300-ден астам алматылық  алданған

300-ден астам алматылық «The finiko» қаржы пирамидасына алданған. Олардың желге ұшқан қаржысы 2 млн АҚШ долларына жуық. Яғни, 630 млн теңгеден асады. Бұл туралы  Қаржы Мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментінің өкілдері мәлімдеді.

«The finiko» қаржы пирамидасына 300-ден астам алматылық  алданған
Фото: NEGE.kz


Елорда, NEGE. Қазір қаржы пирамидасы филиалының басшылары тергеліп жатыр. Қылмыстық іс бойынша үш адам қамауға алынып, басқа адамдардың қатысы анықталу үстінде. Осыған қатысты құқық қорғау органдары азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырады. Айта кетейік, «The finiko» компаниясы елімізде 2021 жылы қаржылық пирамадасы  ретінде танылған.

“Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қорытындысына сәйкес, «The finiko» симулятор болып табылады және қатысушылар бұл бағдарламаны сауда мен инвестициялаудың алаңы деп, ақша салады, ал компанияның өзі дүниежүзілік қор биржаларында тіркелмеген. Егер сіз немесе сіздің туыстарыңыз «The finiko» әрекетінен зардап шексе, агенттіктің сенім телефонына хабарласыңыз”, - деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Қазір оқып жатыр

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

блогер соты

Қарағандыда оқ жарақатын алған ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Полиция