USD
USD
USD

Төрт жыл іздеуде болған қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы Түркиядан жеткізілді

Түркияда ұсталған «The Finiko» қаржы пирамидасының Қазақстандағы құрылымдық бөлімшесінің басшысы елге қайтарылды. Ол 2022 жылдан бері халықаралық іздеуде болған, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.

The finiko
Фото: NEGE/Видеодан скрин

Астана, NEGE. ҚМА мәліметінше, күдіктіні елге қайтару жұмыстары прокуратура органдарының үйлестіруімен және Интерполдың Ұлттық орталық бюросымен бірлесіп жүргізілген.

Тергеу барысында «The Finiko» ұйымының нақты кәсіпкерлік немесе инвестициялық қызметпен айналыспағаны анықталды. Қаржы пирамидасына бұрын қосылған қатысушыларға төлемдер жаңадан тартылған салымшылардың қаражаты есебінен төленіп отырған.

«Күдіктінің заңсыз әрекеті салдарынан қаржы пирамидасына салымшылардың 160 млн теңгеден астам қаражаты тартылған. Сонымен қатар, сотқа дейінгі тәркілеу аясында күдіктінің құны 221 млн теңге болатын жер телімі мемлекет кірісіне алынды», – деп хабарлады ҚМА.

Ведомствоның мәліметінше, бұл қылмыстық іс бойынша бұған дейін үш адам сотталған болатын. Олардың мүлкі тәркіленіп, әрқайсысы 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қызылордадағы учаскелік полиция инспекторының өлімі: күдікті қамауға алынды

Полицей өліміне күдікті

Таиланд қазақстандықтардың визасыз жүру мерзімін 30 күнге дейін қысқартты

Таиланд

Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанды

Елена Рыбакина

Шетелдік блогермен видеоға түскен полиция қызметкерлері жұмыстан шығарылды

.