USD
USD
USD

Thailand Open-2022: Қазақстандық боксшылар жартылай финалға жолдама алды

Таиландтың Пхукет қаласында қаласында өтіп жатқан Thailand Open-2022 турнирінде қазақстандық тоғыз боксшы жартылай финалға жолдама алды.

Thailand Open-2022: Қазақстандық боксшылар жартылай финалға жолдама алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бүгін ширек финалда Серік Теміржанов (57 келі) сингапурлік Мохамед Ханурдин Бин Хамидті жеңді.

Ал ел құрамасынан Сәкен Бибосынов (52 келі) таиландтық Танарат Саенфетті тізе бүктірді. Еске салсақ, бұдан бұрын Санатәли Төлтаев пен Сұлтан Мусинов ( екеуі де 63 келі), Асланбек Шымбергенов (69 келі), Аятулла Тәкіжанов (75 келі), Сағындық Тоғамбай және Айбек Оралбай (екеуі де 91 келі) жартылай финалға шықты.

Сондай-ақ, турнирде қазақстандық тағы бір боксшы Нұрбек Оралбай бірден жартылай финалға шығып, жүлдегер атануға мүмкіндік алды.

Ел құрамасынан Тимур Нұрсейітов (75 келі) ширек финалда жарыс жолынан шығып қалды. Халықаралық турнир 9 сәуірде мәресіне жетеді.

Қазір оқып жатыр

Атыраулық жастарға Президенттің кітабы тарту етілді

Президент кітабы

Бұрынғы төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Алматы облысын басқаратын болды

Шыңғыс Әрінов

Көкшетау әкімдігі құны 70 млн теңге болатын 2,4 га жерді заңсыз берген

Жер учаскесі

Марат Сұлтанғазиев Алматы облысы әкімі қызметінен босатылды

Марат СҰЛТАНҒАЗИЕВ