USD
USD
USD

Тестілеуден өткен 61 адам ауруханаға жатқызылды

9 сәуірден бері елордада 5 мыңға жуық адамға экспресс-тестілеу жүргізілді. Бұл туралы елорданың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтып берді. 

Тестілеуден өткен 61 адам ауруханаға жатқызылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «9-13 сәуір аралығында Нұр-Сұлтан қаласында 4 766 адамға коронавирус инфекциясына байланысты экспресс тестілеу жүргізілді. Оның 61 жағдайында немесе 1,2% тестілеу оң нәтиже көрсетті», - деп атап өтті басқарма басшысы «Хабар 24» телеарнасындағы брифингте. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, бұл адамдар әрі қарайғы тексеру жұмыстары үшін провизорлық стационарға жатқызылды.

«Яғни, полимеразды-тізбекті реакция әдісімен коронавирус инфекциясына тексеру жүргізіледі. 61 адамның 30-ы теріс нәтижемен ауруханадан шығарылды», - деді С. Қисықова. Бұған дейін басқарма басшысы Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясынан қайтыс болған адам туралы айтып берген еді. Қазіргі уақытта елордада жұқтырғандар саны 264 адамға жетті. Соңғы екі күнде - 12-13 сәуір күндері 29 жағдай тіркелді. 

Қазір оқып жатыр

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Құрбанәлі Ахмет

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

.

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ

жанжал ресей

«Үй кезегі келді»: Алаяқтар адамдарды алдаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты

Пәтер кілті