USD
USD
USD

Tesla акцияларының бағасы шарықтап кетті

Компания 2021 жылдың бірінші тоқсанындағы қаржылық есебін жариялаған болатын. Электромобиль өндіретін америкалық Tesla компаниясы акцияларының бағасы 5%-ға көтерілді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Tesla акцияларының бағасы шарықтап кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ресми дерек бойынша, акция құны 695,11 долларға дейін қымбаттаған. Бұл көрсеткіш алдыңғы сауда сессиясының жабылуы кезіндегі деңгеймен салыстырғанда 5,07%-ға көп. Мұндай динамикаға Tesla-ның 2021 жылдың бірінші тоқсанындағы қаржылық есебін жариялауы түрткі болды. Құжат бойынша, осы жылдың алғашқы үш айында автокөлік жеткізілімі былтырғы кезеңмен салыстырғанда 2,09 есе артқан. Яғни қаңтар және наурыз айлары аралығында мұндай көліктің 184,8 мың данасы сатылған. Осылайша компания микросхемалар мен бөлшектерді жеткізудегі іркілістерге қарамастан өндірісті ұлғайтқан. Бұған дейін сарапшылар Tesla 177,8 мың электромобиль сатады деп болжаған еді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер