USD
USD
USD

Tesla Масктың орнына жаңа бас директор іздеуге кірісті

The Wall Street Journal басылымының хабарлауынша, электромобиль өндірушінің директорлар кеңесі Tesla акцияларының құлдырауына байланысты Маскты ауыстыру керек деген қорытындыға келген, деп жазды Анадолы агенттігі. 

АҚШ сайлау
Фото: kommersant.ru

Алматы, NEGE. Tesla компаниясының басқармасы миллиардер Илон Масктың орнына жаңа бас директорды іздеуге кірісті. Бұл туралы Wall Street Journal жағдаймен таныс ресми дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Басылымның хабарлауынша, электромобиль өндірушісінің директорлар кеңесі Tesla акциялары құлдырағаннан кейін әрі инвестор көп уақытын Ақ үйдегі жұмысына арнағанына көңілдері толмағандықтан Маскты ауыстыру қажет деген қорытындыға келген.

Tesla басшылары жаңа бас директорды табу мақсатында бірнеше компанияға жүгінген. Өз кезегінде Маск өзінің X әлеуметтік желісіндегі аккаунтында WSJ мақаласын әдейі жалған, сонымен қатар «этиканы өрескел бұзу» деп атады.

Tesla директорлар кеңесі де Илон Масктың бас директор қызметін жалғастыра алатынына сенім білдірді. Бұл туралы компанияның X әлеуметтік желісіндегі аккаунтында директорлар кеңесінің төрағасы Робин Денхолм хабарлады.

Илон Масктың АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігіндегі қызметі Tesla өнімдеріне бойкот жариялауға және компанияның АҚШ-тағы автосалондарының алдында наразылық шерулеріне әкелді.

Масктың иммиграциялық заңдарды қатайту және әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруды күрт қысқарту туралы көптеген мәлімдемелері наразылықтың өсуіне себеп болды.

Электромобиль жасаушының баяндамасынан кейін Илон Маск мамыр айынан бастап мемлекеттік қызметке аз уақыт жұмсайтынын айтты. Ол 30 мамырға дейін Үкіметтің тиімділігі департаментінің (DOGE) басшысы қызметінен кетуі керек.

Қазір оқып жатыр

Сарбаздар енді әскери бөлімге пицца мен бургерді тапсырыспен алдыра алады

әскери бөлімдер

БҚО-дағы Қазақстан-Ресей шекарасында жүк көліктері кептелісі 35 шақырымға жеткен

"Сырым-Машкатово" өткізу бекеті

Шығыста мемлекетке 1,2 млрд теңге залал келтірген компания басшысы іздестірілуде

Восток инженеринг

Чайлдфри шариғатта құптала ма: ҚМДБ үкімі жарияланды

ҚМБД