USD
USD
USD

Терроризмге қарсы күрес: Түрксіб ауданында 5 адам ұсталды

Алматының Түрксіб ауданы аумағында антитеррорлық операция режимі енгізілді. Бұл туралы Терроризмге қарсы күрес жөніндегі қалалық жедел штаб мәлімдеді.

Терроризмге қарсы күрес: Түрксіб ауданында 5 адам ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Терроризмге қарсы күрес жөніндегі қалалық жедел штаб 26 қаңтар күні сағат 00:00-ден 27 қаңтар күні түнгі сағат 00:00-ге дейін Алматы қаласы Түрксіб ауданы аумағында антитеррорлық операциялық режим енгізілгенін хабарлайды", - делінген хабарламада.

Терроризмге қарсы іс-шаралар барысында 4-6 қаңтар аралығында Алматыда мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық нысандарға шабуыл жасауға қатысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың бес мүшесі ұсталды.

"Ұстау кезінде күдіктілерден қару-жарақ (ПМ, маркалы тапаншалар, шолақ мылтық, патрондар), ұнтақ тәрізді зат және ерекше иісі бар таблеткалар тәркіленді. Арнайы және құқық қорғау органдары жедел іздестіру шараларын жалғастырып жатыр. Құқық қорғау органдары жұмысына түсінікпен қарауыңызды, олардың заңды талаптарын қатаң сақтауыңызды сұраймыз", - деді Алматы қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті