27 Желтоқсан 15:23
...
Терроризмді насихаттады деген күдікпен Шығыс Қазақстан облысының 18 жастағы тұрғыны ұсталды
2023 жылғы 27 желтоқсанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді насихаттады деген күдікпен Шығыс Қазақстан облысының 18 жастағы тұрғынын ұстады.
Алматы, NEGE. Тергеу әрекеттері барысында діни әдебиеттер тәркіленді.
Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Бұрын ұсталған адамға қылмыстық қудалауға әкеп соғуы мүмкін заңсыз әрекеттерге жол бермеуі туралы бірнеше рет ескертілген.
Оған ресми сақтандыру жарияланған.
Алдын алу шараларына қарамастан, ол қылмыстық әрекетін жалғастырды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.