USD
USD
USD

Терроризмді насихаттаған екі адамға сот үкімі шықты

Терроризмді насихаттағаны және басқа да қылмыстары үшін қамауға алынған екі адамға қатысты сот процестері аяқталды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

заң
Фото: ғаламтордан

 

Алматы, NEGE. Сотталғандардың бірі - Алматы, екіншісі - Тараз тұрғыны. Тараз тұрғыны, айналасындағыларды шетелдегі лаңкестер қатарында соғыс әрекеттеріне қатысуға шақырып, өзі де оларға қосылуды жоспарлаған.

"Тараз қалалық сотының шешімімен ол терроризмді насихаттағаны үшін Қылмысиық Кодекстің 256-бабы, діни араздықты қоздырғаны үшін Қылмыстық Кодекстің 174-бабымен кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды", - деді комитет.

Ал Алматы тұрғыны да 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

"Бұл адам жалпы қылмыстар үшін бірнеше рет соттылы болған, ғаламтор желісінде радикалды идеологияны насихаттаған. Алматы қалалық сотының шешімімен ол терроризмді насихаттағаны және есірткіні заңсыз пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, 7 жыл 1 айға бас бостандығынан айырылды", - деді ведомство.

Жалпы, 2024 жыл басынан террористік және экстремистік әрекеттері үшін 84 адам сотталған.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар