USD
USD
USD

Террористік топ құрамында болған қазақстандық Болгариядан экстрадицияланды

Террористік топтың жұмысына қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстан азаматы елге жеткізілді.

Террористік топ құрамында болған қазақстандық Болгариядан экстрадицияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Бүгін Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және ІІМ Интерполының қызметкерлері Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің жәрдемдесуі арқылы Болгария Республикасынан Қазақстанның азаматын террористік топтың жұмысына қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында экстрадициялады. Ол радикалды діни ағымның қолдаушысы бола тұра, 2015 жылы Сирия Араб Республикасының аумағына барып террористік топтардың бірінің құрамына кірген", - делінген хабарламада.

Осыған байланысты оған қатысты соталды тергеп-тексеру басталып, халықаралық іздеу жарияланды. Мамырда ол Болгария аумағында ұсталған.

"Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды. Фигурантты экстрадициялау Болгария тарапымен 2014 жылғы 14 қарашадағы адамдарды ұстап беру туралы екі жақты шарттың болуына байланысты мүмкін болды",- деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Оған айып тағылған қылмыс үшін мүлікті тәркілеумен бірге 8 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар