USD
USD
USD

Тергеушілер жасанды интеллектіні қолданып көрді

Ішкі істер министрлігі жасанды интеллектіні жедел дамыту мақсатында тергеушінің интерактивті көмекшісі жобасын іске қосты.

И
Фото: ашық дереккөзден

Алматы, NEGE. Жоба қылмыстық істерді тергеу сапасы мен жеделдігін арттыруды көздейді. Жасанды интеллект "Сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізілімі" ақпараттық жүйесіне біріктірілген және тергеушінің күнделікті жұмысын автоматтандыруға көмектеседі.

Жүйенің мүмкіндіктері:

  • дауысты мәтінге айналдыру;
  • түрлі адамдардың жауаптарын салыстырып, қарама-қайшылықтарды анықтау;
  • жауап алу үшін нақтылайтын сұрақтар ұсыну;
  • процессуалдық құжаттарды автоматты түрде қалыптастыру.

Ол төрт негізгі модульден тұрады:

  • тергеуді жоспарлау;
  • жауаптарды өңдеу;
  • құжаттарды дайындау;
  • талдау және болжам жасау.

Бұл жоба тергеу уақытын қысқартып, тергеушілерді техникалық жүктемеден босатуға мүмкіндік береді. 19 маусымнан бастап жүйе пилоттық режимде Астана қаласы Есіл ауданының полиция басқармасы базасында іске қосылды.

Келесі аптада Ақмола облысы Қосшы қалалық полиция бөлімінде іске қосу жоспарланып отыр.

Қазір оқып жатыр

Алматыда 27 ретсіз сауда ошағы жойылды

Ретсіз сауда

Әл-Фарабидегі апат: қаза болған қыздың әкесі Александр Пакке кешірм бермейтінін мәлімдеді

жол апаты

Қазақстанда 20 маусымда жоғары оқу орындарына құжат қабылдау басталады

жоо-ға құжат қабылдау

Блогер Жанабыловтардан тәркіленген көліктер саудаға шығарылды

Көлік