USD
USD
USD

Тергеуші қыз жол апатынан қаза тапты

Қостанай облысының аудандық полиция бөлімінің тергеушісі жол апатынан көз жұмды.

Тергеуші қыз жол апатынан қаза тапты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қостанай облысының Қарасу ауылында аудандық полиция бөлімінің 33 жастағы тергеушісін көлік қағып кетті. Ол 6 қарашада кешке жұмыстан қайтып бара жатқан. Ол жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқанда Lada Granta автокөлігі қағып кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан полиция капитаны ауруханада қайтыс болды.

"Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 345-бабы "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қызметтік тергеу де басталды. Басшылық пен жеке құрам марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтады. Тергеуші полицияда алты жыл қызмет етті", - деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Қазір оқып жатыр

Блогер Ерболат Жанабылов әйелімен ұрысқаннан кейін ұсталды

Ерболат Жанабылов, Эльмира Төлегенова

40 млрд теңге және 2 млн-дай бір реттік доза: Қарағанды облысында ірі есірткі зертханасының жұмысы тоқтатылды

Есірткі зертханасы

Оңтүстік Кореяда құрылыс алаңында Қазақстан азаматы қаза тапты

Жұмысшы қазасы

Электромобильді қуаттағанда артық ақша төлемеу үшін желтоқсаннан бастап жаңа талап енгізілмек

Электромобиль