Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Терезеден кіріп, бойжеткенді ұрлап кетті

Түнгі сағат 01:00 шамасында Қарасай ауданы ПБ-нің кезекші бөліміне Шамалған ауылының 72 жастағы тұрғыны түнгі уақытта оның 21 жастағы қызын терезеден ұрлап кеткендігі туралы арызданған.

Терезеден кіріп, бойжеткенді ұрлап кетті
Фото: NEGE.kz

 Aлматы. NEGE. Ол белгісіз біреудің терезені бұзып, күш қолдану қатерін төндіре қызын белгісіз бағытта алып кеткенін жеткізген.

– Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері “LEXUS 470” автокөлігін Қаскелең қаласынан тоқтатқан. Көлікте 21 жастағы бойжеткен және оны ұрлады деген күдікке ілінген Шалқар ауылының тұрғыны болған. Бойжеткеннің бұған дейін айырылысып кеткен жігітінің түнгі уақытта қысқыш арқылы шегелермен бекітілген терезені бұзып, үйге кіріп, дөңгелекті жөндеу үшін пайдаланылатын шиланың көмегімен бойжеткенді қорқытып, оны ұрлап кеткендігі анықталды. Күдіктіні тәртіп сақшылары ұстағанға дейін адам жоқ жерлерде бірнеше рет тоқтап, қызғаныш салдарынан, бойжеткенді қолымен және аяғымен соққыға жыққан, – деп хабарлайды Алматы облысы Қарасай аудандық полиция басқармасының бастығы Асхат Данияр. Күдікті адам уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Одан алынған спиральді шило мен терезеден табылған қысқыштар іске айғақзат ретінде тіркелді. Келтірілген дене жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Аталған дерек ҚР ҚК 125-бабы“Адам ұрлау” бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Ресейдің келесі медиафорумы Астанада өтеді

.

Мемлекет басшысы Ұлттық архив ұжымы мен ардагерлерін 20 жылдық мерейтоймен құттықтады

Ұлттық архив

«Әкім келер алдындағы көзбояушылық»: Ақмола облысында жолшылар асфальтты бояғаны рас па?

Красный яр

Қазақстандық жүзушілер АҚШ-тағы халықаралық турнирде 13 алтын медаль жеңіп алды

жүзгіш