USD
USD
USD

Теракт жасауға дайындалған Астана тұрғыны сотталды

Елорда тұрғыны «Ш»-ға қатысты Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімі заңды күшіне енді, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Теракт жасауға дайындалған Астана тұрғыны сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сот оның терроризм актісіне дайындалу, террористік әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды даярлау, сонымен қатар терроризмді, билікті басып алу және ұстап тұруды, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді насихаттау фактілері бойынша кінәсін дәлелді.

Ол 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық алқасымен сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды.

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатын жеңіп алды

Рыбакина

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берді

Ақмарал Әлназарова