USD
USD
USD

Тепличное ауылында су тасқынына қарсы шаралар жалғасып жатыр

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Тепличное ауылында су тасқынына қарсы іс-шаралар тәулік бойы жүргізілуде.

Су тасқыны
Фото: 112KZ

Алматы, NEGE. Азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында ауылда алдын ала эвакуация жүргізу туралы шешім қабылданды.

Құтқару бөлімшелері құрамында жұмыс істейтін сүңгуір қызметінің қызметкерлері арнайы пленка қолданып, бөгетті нығайту жұмыстарын атқаруда. Бұл шаралар желдің күшеюі мен толқындардың әсерінен қорғаныс құрылыстарының бұзылу қаупіне байланысты қолға алынған.

Сүңгуірлер жергілікті тұрғындар мен олардың мүлкін қорғауды қамтамасыз етіп, өз міндеттерін кәсіби әрі үйлесімді орындап жатыр.

Құтқарушылар апаттың ықтимал салдарын болдырмау үшін бөгеттерді күшейту жұмыстарын үздіксіз жалғастыруда.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық