USD
USD
USD

«Теңізшевройлге» 639,6 млн теңге көлемінде айыппұл салынды

Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы атмосфералық ауаның ластануына қатысты экологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша талдау жүргізіп, бірқатар өрескел заң бұзушылықтарды анықтады.

Теңізшевройл
Фото: Теңізшевройл

Алматы, NEGE. Атап айтқанда, «Теңізшевройл» ЖШС 2023 жылдың 3 және 4 тоқсанында, сондай-ақ 2024 жылдың 1 және 2 тоқсанында атмосфераға экологиялық рұқсат етілген нормалардан тыс 49,3 тонна ластаушы заттарды шығарған.

Оның ішінде 4,9 тонна ластаушы зат қоршаған ортаға арнайы рұқсатсыз тасталғаны анықталды.

Осыған байланысты, «Теңізшевройл» ЖШС-не қатысты прокурордың қаулысымен әкімшілік іс қозғалып, сотпен 639,6 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл шешім заңды күшіне енді.

Аймақта атмосфералық ауаның ластануы – өзекті мәселелердің бірі болып табылады және бұл бағыттағы қадағалау жұмыстарын прокуратура тұрақты түрде жүзеге асырып келеді.

Қазір оқып жатыр

АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігіттің денесі табылды

.

«Парақор» өңірлер тізімі жарияланды: Астана көш басында тұр

Астана

ҚТЖ басшысы өзіне тиесілі компания бар екенін растады

.

Бектенов ҚТЖ басшысына ескерту жасады

Олжас Бектенов