Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

«Теңіз» кен орнында 2 адам күкірттен уланды

 Атырау облысындағы «Теңіз» кен орнында күкірттен уланған 2 адам ауруханаға жеткізілді. 

Теңіз кен орны
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Оның біреуі ауруханада жатыр. Ал екіншісі емдеу орнына жатудан бас тартқан.

Бұл деректі Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады.

«8 наурызда «Теңіз» кен орнында күкіртті заттардан улану белгілерімен екі азамат медициналық көмекке жүгінді. Медициналық тексеру нәтижесіне сәйкес бір науқастың жағдайы тұрақты болды. Ол өз еркімен ауруханаға жатудан бас тартты. Сол себептен тұрғылықты мекенжайы бойынша амбулаториялық бақылауға жіберілді. Ал екінші науқас облыстық аурухананың токсикология бөліміне жатқызылды. Қазір науқас қажетті ем-дом қабылдап жатыр. Дәрігерлер науқастың жағдайын тұрақты деп бағалады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ауруханадағы науқастың жағдайын бақылауда ұстап отыр», – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Kazinform тілішісі мәселенің мән-жайын білу үшін «Теңіз» кен орнын игеріп жатқан «Теңізшевройл» ЖШС-нің баспасөз қызметіне хабарласқан еді. Алайда компанияның баспасөз қызметі аталған оқиғаға байланысты әлі ақпарат бермей отыр.

Қазір оқып жатыр

Ақмола облысында генератор ұрлағандар бір ауылды сусыз қалдырған

генератор ұрлығы

Нұрай Серікбайдың қазасы бойынша айыпталушы сотта қысым көргенін мәлімдеді

Күдікті, Нұрай

Павлодар облысында кәріз құдығындағы алты адамның өлімі: үш күдікті ұсталды

Кісен

Тоқаев Колумбия жойқын жер сілкінісіне байланысты ел Президентіне көңіл айтты

жер сілкінісі