USD
USD
USD

Теннистен жасөспірімдер құрамасы тұңғыш рет әлем чемпионатына жолдама алды

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 14 жасқа дейінгі теннисшілер арасында тұңғыш рет әлем чемпионатына жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Теннистен жасөспірімдер құрамасы тұңғыш рет әлем чемпионатына жолдама алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Үндістанның Нью-Дели қаласында өткен Азия/Тынық мұхит аймағы іріктеу турнирінде қазақстандықтар үшінші орынға ие болды.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы үшінші орын үшін бәсекеде Таиландпен сынға түсті. Бірінші ұнайды Дамир Жалғасбай әперді. Жас қазақстандық теннисші бірінші партияда 2:6 есебімен есе жіберді. Есесіне екінші сетте 1:4 есебімен жеңіліп жатып, таразы басын өзіне аудара білді.

Үшінші, шешуші партияда есеп 3:5 болған мезетте таиландтық теннисшінің екі матчболын пайдалануына мүмкіндік берген жоқ. Сосын тағы бір брейк жасап, жеңісті жұлып алды - 7:5.

Бұдан кейін Заңғар Нұрланұлы қарсыласын 6:2, 6:1 есебімен тізе бүктірді. Есеп 2:0, Қазақстанның пайдасында. Осылайша, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы алғаш рет биыл күзде өтетін әлем чемпионатының финалдық кезеңіне қатысады.

«Team Kazakhstan» академиясының директоры Тимур Аққазиев 14 жасқа дейінгілер арасындағы құрама капитаны Сергей Квактың өз шәкірттерін тәжірибесімен жеңіске жетелей білгендігін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Экс-министр Асхат Оралов «Әділет» партиясында жаңа қызметке ие болды

Асхат Оралов

Қазақстанда тонау және есірткі саудасымен айналысқан 22 қылмыстық топтың мүшелері ұсталды

Күдіктіні ұстау сәті

Данияр Елеусіновтің әйеліне қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды

Данияр Елеусінов

Рақышев пен Ибрагимов қаржы құйған рамен бизнесінің қазіргі жағдайы қандай?

Кеңес Рақышев, Шухрат Ибрагимов