USD
USD
USD

Теннистен United Cup турнирі: Қазақстан құрамасы Испанияны жеңді

Аустралияның Сидней және Перт қалаларында теннистен аралас командалық сында өтіп жатқан United Cup турнирінде Қазақстан құрамасы Испаниядан басым түсті, деп хабарлайды Kazinform.

Теннис
Фото: ҚТФ

Алматы, NEGE. Шешуші, жұптық сында Елена Рыбакина – Александр Шевченко испаниялықтар Ивон Кавалье-Реймерс – Пабло Каррено-Бустамен кортқа шықты.

Тартысты өрбіген бірінші партия тай-брейкке дейін жетіп, онда қазақстандықтар әбжілдік танытты – 7:6 (7:4).

Екінші сетте есеп 3:3 болған мезетте Шевченко – Рыбакина брейк жасай алды. Алайда испаниялықтар таразы басын теңестіріп кетті – 4:4. Бұл жолы тай-брейкте Кавалье-Реймерс – Каррено-Буста сәтті ойнады – 7:6 (7:2).

Супер тай-брейкте қазақстандық дуэт жеңісті жұлып алды – 10:7.

Тартысты өткен матч 2 сағат 5 минутқа созылды.

Е.Рыбакина мен А.Шевченко жұптық сында сирек өнер көрсететіне қарамастан, бұл жолы өз мүмкіндіктерін жақсы пайдалана білді.

Осылайша, Қазақстан Испанияны 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Енді қазақстандықтар С тобында 30 желтоқсан күні Грекия құрамасымен ойнайды. Онда Е.Рыбакина рейтингіде 32-орындағы Мария Саккаримен, А.Шевченко әлемнің 11-ракеткасы Стефанос Циципаспен кездеседі.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy