USD
USD
USD

Теннистен Қазақстан командасы Данияға қарсы ойнайтын құрамды жариялады

14-15 қыркүйекте теннистен Қазақстан құрамасы Астанада Дэвис кубогының бірінші әлемдік тобында Данияға қарсы матч өткізеді, деп жазады Olympic.kz.

Теннис
Фото: Olympic.kz

Алматы, NEGE. Юрий Щукин бастаған бапкерлік штаб аталған кездесуде ел намысын қорғайтын ойыншыларды жария етті.

Қазақстан сапында Александр Бублик, Александр Шевченко, Бейбіт Жұқаев, Тимофей Скатов және Александр Недовесов сынға түседі.

Дания құрамасының капитаны Фредрик Нильсен мына теннисшілерге сенім артты: Аугуст Хольмгрен, Йоханнес Ингилдсен, Эльмер Меллер, Филипп Херт және Кристиан Сигсгаард.

Дания құрамында әлемнің 15-ракеткасы Хольгер Руне жоқ. Ойындар Астанадағы Beeline Arena орталығында хард төсенішіндегі корттарда болады.

Дэвис кубогының іріктеу матчтары үш сеттік форматта төрт жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады.

Қазақстан – Дания кездесуінің жеңімпазы 2025 жылы ақпанда өтетін командалық әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне жолдама алады.

 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков