USD
USD
USD

Теннистен Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды

Астанада теннистен Қазақстан чемпионаты аяқталды.

Теннис
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Ерлер арасындағы финалда қарағандылық Әмір Омарханов пен Теміртау теннис мектебінің тәрбиеленушісі Григорий Ломакин кездесіп, алтын жүлде үшін бақ сынады.

Алайда бұл матч көпшілік күткендей тартысты болмады. Бірінші сет 6:1 есебімен Әмірдің пайдасына шешілді, ал екінші кезеңде Ломакин жарақатына байланысты ойынды жалғастыра алмады. Қола жүлдені Ислам Орынбасар иеленді.

Әйелдер арасындағы шешуші кездесуде Жібек Құламбаева мен Аружан Сағандықова кортқа шықты. Құламбаева 6:4, 7:6 есебімен жеңіске жетіп, чемпион атанды. Үшінші орынды Іңкәр Дүйсебай жеңіп алды.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе