USD
USD
USD

Теннистен Дэвис кубогі: Тимофей Скатов есепті теңестірді

Росарио қаласында Дэвис кубогі іріктеу кезеңі аясында Қазақстан – Аргентина матчында Тимофей Скатов таразы басын теңестірді.

теннис
Фото: olympic.kz

Алматы, NEGE. Корт иелері ең күшті ойыншыларын шығарғандықтан, матчтың айқын фавориттері аргентиналықтар еді.

Жарыстың бірінші күні алдымен АТР рейтингісінде 338-орында тұрған Дмитрий Попко әлемнің 22-ракеткасы Франсиско Серундоломен сынға түсті.

Бәсеке Ф.Серундолоның басымдылығымен өтті – 7:5, 6:2.

Екінші болып кортқа рейтингіде 278-орындағы Тимофей Скатов әлемнің 28-ракеткасы Томас Мартин Этчеверримен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда Т.Скатов есеп 5:4 болған мезетте брейк жасай алды – 6:4.

Екінші сетте есеп 6:5 болған мезетте Тимофей тағы бір брейк жасап, жеңісті жұлып алды – 7:5.

Екі сағат 21 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Скатов эйс жасамағанымен, 7 брейк-пойнттың екеуін сәтті пайдаланды. Қарсыласы 5 эйспен ғана көзге түсті.

Осылайша, Қазақстан – Аргентина матчында есеп теңесті – 1:1.

Жексенбі күнге бір жұптық, екі жекелей сында ойындар белгіленген. Үш жеңіске қол жеткізген команда Дэвис кубогінің финалдық кезеңіне жолдама алады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннистен Дэвис кубогінде Қазақстан – Аргентина матчының жеребесі тартылғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Александр Бублик Монпелье турнирінің финалына өтті. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Алматы

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Ит

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Уылдырық

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды

Өрт сөндірушілер