USD
USD
USD

Теннистен әлем чемпионатына іріктеу: Қазақстан командасының қарсыластары анықталды

20-25 мамырда Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында Дэвис кубогінің Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирі өтеді.

Olympic.kz
Фото: Olympic.kz

Алматы, NEGE. Командалық әлем чемпионатына жолдаманы Қазақстан, Аустралия, қытайлық Тайбэй, Гонконг, Үндістан, Малайзия, Иран, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Жаңа Зеландия, Таиланд, Өзбекстан, Вьетнам, Иордания құрамалары сарапқа салады.

Belline Arena ұлттық теннис орталығында жеребе тартылып, Қазақстан жасөспірімдері А тобында Қытай, Өзбекстан және Малайзия командаларымен ойнайтын болды. Бүгін Сергей Квактың шәкірттері Өзбекстанмен сынға түседі.

Қазақстан намысын мына спортшылар қорғайды:

1. Заңғар Нұрланұлы, 2. Дамир Жалғасбай, 3. Даниэль Тазабеков.

Капитан: Сергей Квак.

Өткен жылы Қазақстан жасөспірімдер құрамасы іріктеуден сәтті өтіп, алғаш рет командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шыққан еді. Іріктеу сайыстарына қатысатын 16 команда төрт топқа бөлінген.

Әр топтан екі құрама плей-офф кезеңіне өтеді. Жартылай финалға өткендер әлем чемпионатына жолдама алады.

Қазір оқып жатыр

Доңға кен орнындағы көпжылдық дау реттелді

Доңға кен орны

«Сынды дұрыс қабылдаймыз»: ҚазАвтоЖол жол сапасы туралы не деді?

Нұрқат Ақылтаев, Қазавтожол

Ресейдегі қауіпті инфекция Қазақстанға таралуы мүмкін бе: ДСМ жауап берді

дәрігер

Астанада қоғамдық көлік жолақысы 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

Автобус